Оқушы анты
Мен, Қазақстан азаматы,
сүйікті Отаным – Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы әділетті,
өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламын.Туған халқымның ата дәстүрін
жалғастырамын.Мемлекетімнің Президентін құрметтеймін.Ата Заңымызды бұлжытпай
орындаймын.
«Қазақстан – 2030» жылға
дейінгі бағдарламасында айтылған міндеттерді іске асыруға үлес қосамын.
Елімнің Туын, Елтаңбасын,
Әнұранын, ана тілін, келешекке жолдама беретін алтын алтын – ұя мектеп –
лицейімді сыйлап, қастерлеймін, - деп
Ант
етемін!
Ант етемін!
Ант етемін!
Я, гражданин Республики Казахстан, клянусь:
- добывать ценные знания для процветания , развития любимой Родины и становления Республики Казахстан в ряды справедливых ,передовых и развитых стран мира;
- продолжать традиции родного народа;
- уважать Президента Республики Казахстан;
- беспрекословно исполнять законы Конституции Республики Казахстан;
- вносить вклад для претворения в жизнь программы «Казахстан – 2030»;
- свято чтить Герб, Флаг, Гимн Родины, Родной язык, родную школу – лицей.
Клянусь!
Клянусь!
Лицей маршы
Сөзін жазған: К.Дәкібай
Әнін жазған: С.Әліш
Бәйгені бермес қолдан намыс барда,
Ұланбыз озып шығар жарыстарда.
Ұстаздар шәкіртімен марқаятын,
Күн сайын біз жетеміз табыстарға.
Қайырмасы:
Көркі ойдан кетпейтін,
Айтуға тіл жетпейтін.
Өнер – білім ордасы –
Мақтанышым – лицейім.
Бойымыз күн нұрымен таласады,
Ойымыз армандарға жол ашады.
Жұлдыз боп көк аспанда жарқырайтын,
Ұланбыз – тәуелсіз ел болашағы
Қайырмасы:
Ерекше ғой дәрісің,
Жүрегімнің нәрісің.
Әуелете шырқаймыз,
Мектеп – лицей маршын.